
Фото: Ерлан Омар
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ерейментау ауданының бірнеше білім беру мекемесінде мұғалімдердің еңбек құқықтарының бұзылғаны анықталған.
«Прокуратура органдары азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласында заңдылықтың жай-күйіне тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді. Жүргізілген қадағалау актілерінің нәтижесінде мұғалімдер алдындағы барлық берешек толық көлемде өтеліп, 298 педагогтың конституциялық құқықтары қорғалды», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта прокуратура еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр.