Президент • 12 Мамыр, 2025

Екі ел Үкіметі арасындағы ҚР Заңына қол қойылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі ел Үкіметі арасындағы ҚР Заңына қол қойылды

Фото: Ақорда

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.