Қылмыс • 03 Мамыр, 2025

Тіс емханасына ұрлыққа түскен адам ұсталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері Тараздағы тіс емханаларының біріне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Тексеру кезінде 35 жасар азаматтың бұрын сотты болғаны анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тіс емханасына ұрлыққа түскен адам ұсталды

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің тіс емханасы ішіндегі кассадан 455 000 теңге көлемінде қаржы жымқырған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Ер адам ұрлаған қаражатты жеке қажеттілігіне жаратып жібергендігі анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Тараз