Төтенше жағдай • 11 Мамыр, 2025

Алматыда жекеменшік тұрғын үйден шыққан ірі өрт сөндірілді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 мамыр күні Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Мамыр-4 шағынауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйден шыққан ірі өрт толық сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жекеменшік тұрғын үйден шыққан ірі өрт сөндірілді

Ведомствоның хабарлауынша, от тұрғын үйдің шатырына тұтанып, кейін қойма ретінде пайдаланылған жеке құрылысқа өткен. Алайда құтқарушылардың шұғыл әрекетінің арқасында өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 290 шаршы метр аумақта сөндірілді», – делінген ресми ақпаратта.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.