Ауа райы • Бүгін, 18:48

Есіл өзенінде су деңгейі ақырындап түсіп жатыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидрометтің» Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының мәліметіне қарағанда 10 мамыр күнгі сағат 10-да Есіл өзенінің деңгейі барлық гидробекеттер бойынша алдындағы күнге қарағанда бірнеше см төмендеген.

Есіл өзенінде су деңгейі ақырындап түсіп жатыр

Соның ішінде Шөптікөл ауылының тұсында – 10 см, Тоқсан би ауылында – 7 см, Сергеев қаласында – 14 см, Петропавл қаласында 7 см түскен.

Дегенмен кейбір гидробекеттер су деңгейінің әлі де қауіпті деңгейден төмендемегенін көрсеткен. Мысалы, Петропавл қаласының маңындағы өзеннің қауіпті деңгейінің биіктігі 980 см деп белгіленген болса Есіл әлі де 1056 см ұстап тұр. Бірақ алдағы күндерде қауіпті деңгейден де төмен түседі деген үміт бар.

ПЕТРОПАВЛ