Елорда • Кеше

«Бейбіт аспан астында»: Астанада мерекелік шара өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада «Бейбіт аспан астында» атты ауқымды қоғамдық-мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Соғыс ерлігін жас ұрпаққа жеткізу, жауынгерлік дәстүрді жалғастыруға бағытталған іс-шара - Ұлы Отан соғысының батырлары мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегіне және жанқиярлық ерлігіне құрмет, деп жазады Egemen.kz.

«Бейбіт аспан астында»: Астанада мерекелік шара өтті

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ашық аспан астындағы концерттік бағдарламада қазақстандық әншілер, музыкалық және би ұжымдары өнер көрсетіп, соғыс жылдарының әндері шырұалып, би қойылымдары мен балалар спектакльдері сахналанды.

«Естелік қабырғасы» – архивтік фотосуреттер мен майдан хаттарының бірегей көрмесі;

Ашық аспан астындағы кинотеатр – соғыс туралы фильмдердің ашық аспан астында көрсетілімі;

Интерактивті алаңдар: 1940-жылдар стиліндегі фотобудка, бейбітшілік пен Жеңіс тақырыбында оригами және сурет салу шеберханалары;

«Біздің батырлар» иммерсивті инсталляциялар мен сити-лайттар – қазақтың ұлы жауынгерлерінің образдары қонақтардың ерекше ықыласына ие болды.

Аа

«Бүгінгі мереке керемет өтуде. Жылы әрі жайлы атмосфера болды. Біз балаларымызбен келдік. Жас ұрпақ ата-әжелерінің және аталардың ерлігін білуі, есте сақтауы керек. Олардың ерлігі – халық тарихы. Ұйымдастырушыларға және Астана әкімдігіне үлкен алғыс», деді концертті тамашалаған Жұмағұловтар отбасы.

Бағдарламада ұрпақтар сабақтастығына ерекше мән берілді. Іс-шараға майдан ардагерлері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, оқушылар мен студенттер  қатысты. Жастар үшін Қазақстан тарихы туралы арнайы дәрістер мен шеберлік сабақтары өткізілді, бұл тарихи жауапкершілік пен патриоттық сананы қалыптастыруға маңызды қадам болды.

Аа

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше