Қоғам • Бүгін, 15:16

Атқарушы органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мобильді қосымша әзірленді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

AIS OIP мобильді қосымшасы арқылы азаматтар атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізе алады. Қолданбаны Google Play (Android) және App Store-дан (iOS) жүктеу болады, деп жазады Egemen.kz.

Атқарушы органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мобильді қосымша әзірленді

«Беске дейін үлгер»: Ата-аналарға арналған мобильді қосымша іске қосылады Фото: Elordainfo,kz/Мария Конюхова

Қолданбаның функционалдығы екі деңгейде қол жетімді:

– барлық пайдаланушылар үшін (авторизациясыз);

– жеке сот орындаушылары үшін (рұқсат етілгеннен кейін).

Қолданба барлық пайдаланушы үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

1. Пайдаланушыларға борышкерлердің бірыңғай тізіліміне оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл олардың құқықтық мәртебесі мен қаржылық міндеттемелерін тексеруге мүмкіндік береді.

2. Жол жүруге уақытша шектеулерді, қамауға алуды және елден шығуды тексеру.

3. Қарызды онлайн төлеу, одан кейін қауіпсіздік шаралары (елден шығуға тыйым салу, тіркеу және нотариалдық әрекеттер, банк шоттары бойынша қамауға алу және т.б.) автоматты түрде жойылады.

4. Атқару құжаттарын іздеу, олардың сол сәттегі жай-күйі мен орналасқан жерін бақылау мүмкіндігін береді. Бұл функционалдылықты қамтамасыз ете отырып, ашықтықты арттырады және атқарушылық іс жүргізуге байланысты күрделі процестерді жеңілдетеді.

5. Бірегей ерекшелігі - процесстің қарапайымдылығы мен заңдылығын қамтамасыз ететін QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу мүмкіндігі.

6. Сот орындаушылары қызметінің құнын есептеу.

7. Жеке сот орындаушыларының жүктемесі туралы ақпарат.

8. «Виртуалды робот кеңесшісі» чат-ботын пайдалану – пайдаланушыларға кеңес беру процесін автоматтандыруға арналған. Виртуалды робот кеңесшісі көптеген типтік мәселелерді дербес шешуге көмектеседі. Күрделі немесе стандартты емес жағдайларда робот одан әрі жекелендірілген қызмет көрсету үшін сұрауыңызды операторға қайта бағыттай алады.

Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптары (борышкерлер мен кредиторлар) үшін мобильді қосымшада жеке кабинет әзірленіп жатыр.

Аталған кабинет арқылы тараптарға шығарылған процессуалдық құжаттармен және сот орындаушылар қолданып жатқан шаралармен танысуға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, өтініште тараптарға қабылданбаған шараларды көрсетуге мүмкіндік беретін «Атқарушылық іс жүргізу тараптарының көмекшісі» көрсетіледі. Ол арқылы олар қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тікелей сот орындаушысына апелляциялық шағым бере алады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15