
Фото: syrboyi.kz
Көрме қарағандылықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігін ұрпаққа үлгі етіп көрсету, елге деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеде музей қорынан алынған фотосуреттер, құжаттар, майдан хаттары, жауынгерлердің жеке заттары мен әскери бұйымдар ұсынылды. Соғыс кезіндегі эвакогоспитальды бейнелейтін инсталляциялық шатыр келушілердің қызығушылығын тудырды.