Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Отыз жасында опат болған оғлан

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысының мем­ле­кет­тік архив меке­месін аралап жүріп, дәл отыз жасында оққа ұшқан қазақтың батыр ұлы Тәттібек Түсіпбаевтің (1915–1945) фотосуреті мен оған қатысты деректі көзім шалды.

Отыз жасында опат болған оғлан

Архив деректеріне сүйенсек, Тәттібек Түсіпбаев 1939 жылы Семейде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  мамандығы бойынша институт бітірген. Еңбекке енді араласа бергенде, 1941 жылы желтоқсан айында Жаңасемей аудандық әскери комиссариаты майданға әкетеді. І, ІІ Беларусь майданына қатысып, соғыста екі рет жараланды. Алайда оның қайтпас қайсарлығы мен жауынгерлік шеберлігі үшін, батальон бөлімшелерін ерекше басқара білгені үшін І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен ­марапатталады.

«Үлкен атам Тәттібек Түсіпбаев 1941 жылы соғыс басталысымен елін қорғауға майданға аттанды. Атамыз – 65-атқыштар дивизиясының 451-атқыштар полкінде батальон командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары болып елін жаудан қорғаған, бес жыл бойы қан майданда жанын аямай күрескен қаһарман жа­уынгер. 2015 жылы атамыз ұрпақтарының атынан ағам Бауыржан Тәттібеков отбасымен Германияға арнайы сапармен барып, Берлин қаласы Марцан бауырластар зиратын тапты. Үлкен атамыздың қабіріне естелік белгі мен суретін қойып, туған жердің топырағын апарып, зиярат етіп қайтты. Атамның майдан даласынан еліне, отбасына жазған сағынышты хаттары әлі сақтаулы. Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен, олардың жасаған ерлігі біз сияқты бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ» дейді ұрпағы Әділжан Болатов.

1945 жылдың 24 сәуірінде Берлин түбіндегі шайқаста Т.Түсіпбаев 6-атқыштар ротасын басқарды. Рота ұрыстың дұрыс ұйымдастырылуының арқасында қауіпті нүктеге бірінші басып кіріп, жертөлелер мен шатырлардағы 10 пулеметті, 2 зениттік зеңбіректі, өздігінен жүретін зеңбіректі жояды. 68 немісті тұтқынға түсіреді. Бұған қоса 100 мм зеңбірек, 3 пулемет, 3 автокөлік, 60 винтовканы олжалайды.

Тәттібек Түсіпбаев Жеңіске алты-ақ күн қалғанда, яғни 1945 жылы 2 мамырда Берлин шайқасында Рейхстагқа шабуыл кезінде мергеннің оғынан ерлікпен қаза тапқан. Май­дангерге көзі тірісінде «Қызыл Жұлдыз» ордені берілсе, қаза болғаннан кейін І дәрежелі «Отан соғысы« орденімен марапатталған.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15