Оқиға • Кеше

Астана алаңына Мемлекеттік Ту мен Жеңістің Қызыл Туы әкелінді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы алаңға Мемлекеттік Ту мен Жеңістің Қызыл Туын алып шықты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Астана алаңына Мемлекеттік Ту мен Жеңістің Қызыл Туы әкелінді

Фото: Ақорда

Жеңістің Қызыл Туы – 80 жыл бұрын қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев пен майдангер серігі Григорий Булатов Берлиндегі Рейхстагқа тіккен қасиетті тудың көшірмесі. Бұл ту – фашизмге қарсы шайқастағы халықтың табандылығы мен ерлігінің символы.

Сұрапыл соғыс жылдарында қазақстандық жауынгерлер майданның алдыңғы шебінде ерлікпен шайқасты. Олардың арасында ерекше ерлік көрсеткендердің бірі – Рақымжан Қошқарбаев. 1945 жылдың 30 сәуірінде ол Берлинде Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқылардың бірі болып тіккен.

Рақымжан Қошқарбаев «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен марапатталды, ал 1999 жылы 7 мамырда оған Қазақстан Республикасының жоғары наградасы «Халық қаһарманы» атағы берілді.