Біз өткен айда көпшілікті қызықтырған ең әсерлі дүниелерді жинақтадық. «Міндетті түрде оқып, тыңдапжәне көру керек» деген тізіміңізді толықтыруға дайын болыңыз!
Кинопоискта не көрді?
Сәуірдің кештері – пледке оранып, алдыңызға тәтті бірнәрсе алып, күнделікті күйбеңнен арылтатын кино көргің келетін уақыт. Жазылушылардың таңдауына қарағанда, айдың көңіл-күйі анық: күлу, демалу және аздап жүйкені тыныштандырған жөн.
Комедиялық фавориттер қатарында «Бишарашки в Таиланде», «Кеттік, бәрін таста» және «Qazaq Alemi» тұр.
Ал драйвсыз тағы болмайды. Ең көп қаралғандар қатарында – соңына дейін шиеленісіп жататын «Охота на воров 2: Пантера» триллері және хаос пен харизмаға толы «Веном: Последний танец» боевигі бар.
Яндекс Музыкадан не тыңдады?
Сәуір айында қазақстандықтар музыкалық көкжиектерін кеңейтті. Бұған әр апта сайын жаңартылып отыратын Суперлонч плейлисті себеп болды — бұл тізімге демалыс күндері қазақстандықтар жиі тыңдаған аптаның жаңа тректері енеді. Бұл рейтинг соңғы трендтерден хабардар болуға ғана емес, жиі күтілетін релиздер әлеміне жол ашады.
Өткен айда тыңдалым көшіне үлкен серпіліспен енген әншілер: CAPTOWN, Ghetto Dogs, Akha, M'Dee, Sadraddin, IL'HAN, ACE және басқалар.
Ай бойы тыңдармандардың қызығушылығын тудырған тректер: Қуандық Рахым — «Әппағым», Мирас Жүгінісов — «Sagyndyn ba?», Truwer, Экси, CAPTOWN, Niman, Fardi — «На связи», V \$ X V PRiNCE, BOLLO — «Сатпаева 32» және M'Dee — «Колени».
Суперлонч плейлисті Яндекс Музыка қолданбасында және десктоп нұсқасында сервистің басты бетінде қолжетімді.
Яндекс Кітаптарда не оқылды?
Сәуір айындағы танымал топтамаға әзілге құрылған комикстен бастап, философиялық нон-фикшнге дейінгі әртүрлі жанрдағы туындылар енді.
Көш басында тағы да Даниэль Канеманның бестселлері «Думай медленно... решай быстро» тұр. Сонымен қатар кореялық автор Ю Джин Помның мистикалық элементтері бар «Ресторан 06:06:06» романы да танымал бола бастады.
Оқырмандарды Унзила Мыңбайдың «Женщины моего дома» атты әңгімелері де қызықтырды, шығарманың бір әсерлі бөлімінде әжей немерелері сыйлаған Алиса колонкасымен әңгімелеседі.
Ең көп оқылған кітаптар қатарында, сондай-ақ Деймон Захариадистің тайм-менеджментке арналған «Дел до ж\*пы. Как вести список задач, чтобы они выполнялись сами собой» атты нұсқаулығы және Дебби Тангтың «Быть вместе» комиксі бар.
Айдың ең танымал аудиокітаптар топтамасына – Гу Дяннің «Расширение границ мышления. Как преодолеть внутренние ограничения и раскрыть свой потенциал», Джордж Самюэль Клейсонның «Самый богатый человек в Вавилоне», Деймон Захариадистің «30 привычек за 30 дней. План-капкан по наведению полного порядка в жизни», Йоав Блумның «Творцы совпадений» және Эмма Янгтың «Суперчувства: 32 способа познавать реальность» еңбектері енген.
Мамыр айындағы кітап жаңалықтары: нені таңдау керек?
Жаңа кітаптар топтамасы — әркім өзіне жақын оқиғаны таба алатын шынайы да эмоцияға толы оқиғалар.
Мысалы, Назым Жанғазының «Частная жизнь» дилогиясы — күн сайын өзгеріп жатқан Қазақстанда өмір сүретін әйелдердің әртүрлі тағдырын тоғыстыратын шығарма немесе Тимур Нығматуллиннің достық, есейіп-жетілу және ересектер әлемінде еленгісі келетін бала туралы әсерлі романы – «Я не вру, мама».
Мұнда сондай-ақ шетелде оқуды армандайтындар үшін — Айболат Әбітбековтің адал көзқараспен және кезең-кезеңімен жасалған жоспары бар «Проще, чем кажется: Стратегии поступления в топовый зарубежный университет» атты анықтамалығы бар.
Сонымен қатар ешкімді бейжай қалдырмайтын кішкентай хоббиттердің ерлігі мен достығы жайлы ұлы дастан — Джон Рональд Руэл Толкиннің қазақ тіліне аударылған «Сақиналар әміршісі» мен Стивен Кингтің «Өлі аймақ» шығармасы да бар.
Мамырда Кинопоисктен не көруге болады: жаңа фильмдер топтамасы
Мамыр айында платформада кез келген талғамға сай жаңа фильмдер жарық көріп жатыр — шабыттандыратын драмалар мен көңілді комедиялардан бастап, шулы шетелдік премьераларға дейін. Кешкі уақытты керемет өткізуге себеп болатын картиналарды таңдаңыз.
«Кәрі қыз» — ауылдан қалаға оқуға және мансап қуып келген, тұрмыс құруды кейінге қалдырған 35 жастағы Бибігүл туралы қазақстандық комедия. Ол алғашқы махаббаты Нұрмұратты кездестіреді. Бір кездері жігіт оның сезімін мазақ еткен. Енді Бибігүл одан кек алуға бел буады.
«Батя 2 Дед» — комедиялық оқиғаның жалғасын жақында Кинопоисктен көре аласыздар. Әйелімен ажырасу кезінде Макс бала күнін еске алады. Ол кезде ата-анасы да ажырасуға бел буып, оны жазда ауылдағы соғыс ардагері – атасына жіберген еді. Қатал атасы балаға шынайы дос әрі ұстазға айналып, оның түрлі тентектіктерінің куәсі болады.
«Арамызда Стамбұл» — оқиға желісі бойынша қыз байдың балаларын ұната қоймайды. Ал жігіт — ірі кәсіпкердің ұлы. Қарым-қатынас басталғанда, жігіт қыздың байлардың балаларына деген көзқарасын біліп, өзінің әлеуметтік мәртебесін жасыруға мәжбүр болады.
«Мастер» — басты рөлде Джейсон Стэйтем ойнайтын боевик жуырда Кинопоискте. Бұрынғы британ арнайы жасағының жауынгері Левон Кейд соғысты артқа тастап, құрылыс алаңында бригадир болып жұмыс істейді. Ол әділетсіздікке жол бермейтін, әрқашан көмекке келетін жан ретінде айналасына сыйлы болады. Бір күні жақын таныстарының 19 жастағы қызын бандиттер ұрлап кетеді. Полиция әрекетсіз болған соң, Левон ата-анасының өтінішімен қызды өз бетінше іздеуге кіріседі.
«Мәди in China» — Қытайдан келген жас репатриант Мәди Қазақстанға университеттің шақыруымен беделді ғылыми байқауға қатысу үшін келеді. Алайда жергілікті студенттер репатрианттарға сенімсіздікпен қарап, Мәдидің мақсатына жетуіне кедергі келтіреді. Фильмді жақын арада көруге болады.
«Тамыр» (жақында) – Арман, Арсен және Асхат бала кездерінен бастап бір-бірімен үнемі жарысып, бәрі үшін – ойыншықтардан бастап ата-аналарының назарын иеленуге дейін таласатын.
Арада жылдар өтсе де бұл мінездері өзгере қоймады.
Әкелері Думанның туған күнінде жылдағы дәстүрге сай туған ауылдарына барған, олар тағы да бақталасып, жетістіктерімен мақтанып, бір-бірін кемсітуге тырысады...
Қазақстандық әртістердің ұсыныстары
Айтпақшы, қазақстандық орындаушылар да өздерінің сүйікті кітаптар топтамасын бөлісуді жөн көрді. Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, музыканттар оқуға уақыт табады, әсіресе Яндекс Кітаптар арқылы оқу әлдеқайда ыңғайлы.
Jaman T ұсынады:
«Мен шын мәнінде өзіме әсер еткен кітаптарды бөліскім келеді. Әрқайсысы менің жан дүнием мен шығармашылығымда өз ізін қалдырды. Бұл кітаптар сіздерге де шабыт береді деп сенемін», – дейді әртіс.
- Даррен Харди - Накопительный эффект. От поступка – к привычке, от привычки – к выдающимся результатам
- Михаил Булгаков - Записки юного врача
- Александр Пушкин - Евгений Онегин
- Яна Вагнер – Тоннель
CAPTOWN ұсынған ТОП кітаптар:
- Дэвид Бирн – Как работает музыка
- Абай Кунанбаев – Слова назидания
- Кен Кизи – Над кукушкиным гнездом
- Иоганн Гете – Фауст
NAZИMA қандай кітаптарды оқуға ұсынады?
- Мэттью Уолкер - Зачем мы спим
- Антуан де Сент-Экзюпери - Маленький принц
- Сьюзан Форвард - Эмоциональный шантаж. Не позволяйте использовать любовь как оружие против вас!
- Анна Гавальда - 35 кило надежды
Мирас Жүгінісовтің сүйікті кітаптары:
- Джек Лондон - Мартин Иден
- Джек Лондон – Странник по звездам
- Александр Дюма – Граф Монте-Кристо
- Марк Мэнсон, Уилл Смит - Will. Чему может научить нас просто парень, ставший самым высокооплачиваемым актером Голливуда
Ninety One оқуға ұсынады:
- Юваль Ной Харари – Sapiens. Краткая история человечества
- Джоан Роулинг - цикл вселенной Гарри Поттера
- Антуан де Сент-Экзюпери - Маленький принц
Yenlik-тің сөресіндегі кітаптар: