
Фото: ru.freepik
Министрлік дерегінше, елімізде ең көп қатысушы футбол үйірмелерінде тіркелген. Осы спорт түрімен 1 113 299 адам айналысады, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады.
Кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:
Классикалық волейбол – 767 580 адам (оның ішінде ауылдық жерде – 421 035)
Баскетбол – 541 819 (ауылдық жерде – 238 853)
Футзал – 368 349 (ауылдық жерде – 130 744)
Жеңіл атлетика – 347 654 (ауылдық жерде – 174 261)
Шахмат – 278 101 (ауылдық жерде – 128 243)
Үстел теннисі – 262 835 (ауылдық жерде – 127 416)
Дойбы – 213 490 (ауылдық жерде – 115 198)
Тоғызқұмалақ – 202 217 (ауылдық жерде – 119 302)
Қазақ күресі – 160 399 (ауылдық жерде – 87 030)