
Фото: Ақорда
I дәрежелі «Барыс» орденімен Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы марапатталды.
I дәрежелі «Даңқ» орденімен Қожаев Марат Шәдетханұлы – Парламент Сенатының депутаты наградталды.
II дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталғандар:
1) Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
2) Балтабеков Аңсаған Ескендірұлы – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы;
3) Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары;
4) Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы – Бас Прокурордың орынбасары.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденін алғандар:
1) Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
2) Құсайынов Олжас Сағындықұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы;
3) Цой Олег Владимирович – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы;
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталғандар:
1) Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
2) Ақылов Еркін Бекетұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы;
3) Әмірхан Талғат Әмірханұлы – Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы;
4) Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары;
5) Молдабаев Қайрат Бекзатұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі басқарма бастығының орынбасары;
6) Мұстафин Айбек Мамытбекұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі;
7) Финансов Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы;
8) Шабер Виталий Николаевич – Бас прокуратураның департамент бастығы.
«Құрмет» орденін алғандар:
1) Камалов Алпамыс Әмірғалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры;
2) Кәріпова Айнагүл Төкенқызы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) қызмет басшысының орынбасары.
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталғандар:
1) Есқалиев Ержан Кеңесұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
2) Жұманбек Зарина Қайратқызы – Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының аға ғылыми қызметкері;
3) Қазыханов Дамир Дүйсенбайұлы – Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің взвод командирі;
4) Тащанов Әсет Қамажанұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін алғандар:
1) Алхамов Абылайхан Ерталапұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі;
2) Бақыт Шыңғыс Жақсылықұлы – Қорғаныс министрлігі 25744 әскери бөлімінің танк командирі;
3) Кангозина Ольга Сергеевна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел уәкілі;
4) Мейірбаев Руслан Серікұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің фельдшері;
5) Омарғалиев Дәурен Батырғалиұлы – Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары;
6) Тоқанов Бекзат Шәмшіденұлы – Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің күзеті қызметінің бөлім бастығы;
7) Төлеңгітов Мирлан Айтқазыұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығының орынбасары.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығы орынбасарының – «Әскери даңқ» музейі бастығының лауазымын уақытша атқарушы. Байқадамова Алуа Бақытжанқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.