Елорда • 05 Мамыр, 2025

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Кенесары көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылады

Жөндеу жұмыстары Ә.Сембинов көшесінен Е.Брусиловский көшесіне дейінгі аумақты қамтиды.

в

5-11 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады.

Көліктер бұрынғыша екі бағытта жүре алады, бірақ жолдың бір жағында ғана.

«Тұрғындардан ықтимал өзгерістерді ескеріп, маршруттарды алдын ала реттеуді сұраймыз», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, елордада көшелерді реконструкциялау жұмыстары бір мезгілде ондаған учаскелерде жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40