
Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон анықтайды. 6-8 мамырда республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
6-7 мамырда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, 7 мамырда Маңғыстау облысында, 7-8 мамырда Ақтөбе облысында қатты жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, тек Қарағанды облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің оңтүстік-батысында, сондай-ақ 8 мамырда оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады.
6 мамырда түнде және таңертең Павлодар, Абай облыстарында, сондай-ақ 6-7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында үсік жүруі мүмкін.
Ауа температурасы күндіз құбылмалы болады. Батыста 23-30-дан 21-26 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында ауа температурасы 20-25 градустан 24-29 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың орталығында ауа 27-35 градусқа дейін жылыса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 38 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі.