Инфрақұрылым • 05 Мамыр, 2025

Енді жолдың сапасын халық бақылайды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын арттыруға бағытталған «Халықтық бақылау» ауқымды жобасын іске қосты. Енді әрбір азамат елде салынып жатқан күрежолдың жай-күйін бағалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді жолдың сапасын халық бақылайды

Бастама азаматтарды қоғамдық бақылау жұмыстарына шақыру арқылы жолдардың сапасын жақсартуды көздейді. Жоба жол инфрақұрылымы жағдайына бейжай қарамайтын белсенді азаматтардың арасында ашық алаң болмақ. Тұрғындардың белсенді қатысуымен жолдағы ақаулар дер кезінде анықталып, оларды жоюға, сондай-ақ халықтың шағымдары мен ұсыныстарына жедел әрекет етуге мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде жұмыстың ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

Әрбір азамат жол сапасын арттыруға өз үлесін қоса алады. Ол үшін 1403 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласып, өтінім беру жеткілікті. Өтінім беру кезінде аты-жөні, байланыс деректері, тұрғылықты өңірі мен елді мекені көрсетілуі қажет. Жоба аясында құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жүргізіліп жатқан автожол нысандарына тұрақты түрде шығу жоспарланған. Нысандарға шығу кестесі мен жоба туралы толық ақпарат компанияның ресми сайтында (www.qaj.kz.) жарияланған.

Қазір елімізде көлік инфрақұрылымын дамыту мен жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын қамтитын ауқымды жол-құрылыс маусымы басталады. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 8800 шақырым автомобиль жолдарында түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 2100 шақырымында құрылыс және қалпына келтіру, 460 шақырымында күрделі жөндеу, 6300 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары атқарылады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025