Оқиға • Бүгін, 16:56

Елімізде 20 жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға беріледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл игілікті іс ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бастамасымен жүзеге асады. Заманауи көпфункционалды нысандар өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің жұмысын жеңілдетіп, жеделдігін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде  20 жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға беріледі

фото: ТЖМ

Министрліктің қарамағында 436 өрт сөндіру депосы бар. Десекте, ел аумағын толықтай өрт сөндіру қызметімен қамту үшін бұл аздық етеді. Өңірлерге әлі де қосымша 119 депо қажет.

Өткен жылы Астана, Алматы, Шымент қалаларында және Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарында 10 өрт сөндіру бөлімшесі құрылды. Жыл басынан бері Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында әмбебап құтқару бөлімшелері ашылды.  Оның ішінде Астанада орналасқан өрт сөндіру депосы жаңа құрылыс үлгісі бойынша, тез тұрғызылатын модульдік технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырылған алғашқы жобалардың бірі ретінде ерекшеленеді. Депоның ішінде жұмыс кабинеттері, диспетчерлік, оқу сыныбы, демалыс бөлмесі және ас үй орналасқан. Мұндай нысандарда өрт сөндірушілердің жұмысын алаңсыз атқаруына, дайындық жүргізуіне және тынығуына толықтай қолайлы жағдай жасалған.  Осындай заманауи өрт сөндіру деполары алдағы уақытта еліміздің өзге қалаларында да салынатын болады.

Бұл министрліктің жүйелі жұмысының және басшылық қойған міндеттерді тыңғылықты іске асырудың нәтижесі.