
Ашық есік күні – әлемдік деңгейдегі университеттің Қазақстанда ресми түрде қызметін бастағанын білдіретін маңызды оқиға. Қатысушылар университеттің оқу үдерісі, қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары және кәсіби мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат алды.
«Cardiff University Kazakhstan филиалының ашылуы – Қазақстан жастарына Ұлыбритания сапасындағы білімді өз елінде алу мүмкіндігін береді. Бұл – еліміздің жоғары білім жүйесінің интернационалдану жолындағы маңызды қадамы», деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Cardiff University – әлем мойындаған жоғары оқу орны:
-
Әлемдік QS рейтингінде 186-орында;
-
«Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша Ұлыбританияда 1-орында;
-
Білім беру, инженерия және геология салалары бойынша әлемнің үздік 150 университетінің қатарына кіреді;
-
Ұлыбританиядағы түлектерді жұмыспен қамту бойынша 12-орында тұр.
Астанадағы филиалдың артықшылықтары:
-
Барлық оқу процесі ағылшын тілінде өтеді;
-
Дәрістерді Ұлыбританиядан келген профессорлар жүргізеді;
-
Түлектерге Cardiff University дипломы табысталады, ол – халықаралық деңгейде мойындалған және аталған университет Ұлыбританияның ең беделді оқу орындары кіретін Рассел тобының мүшесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім беру саласына айрықша назар аударады. Білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған барлық бастамалар Президенттің стратегиялық ұстанымына сай жүргізіліп, тікелей бақылауында.