
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы
Ұлттық ұланның оркестрі мен Ерлер хоры жанды дауыста «Жеңіс күні» әнін орындап, Астана бригадасының саптық алаңын асқақ рух пен отансүйгіштікке толтырған.
Әскери қызметшілері бұл шараны батыр бабаларымызға және ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырған.
«Біз батыр бабаларымыз бен ардагер аталарымызға бейбіт күн үшін құрмет көрсетеміз. Олардың ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үшін елге қызмет ету — жәй ғана міндет емес, Отан қорғаушылардың ұлы дәстүрін жалғастыру», дейді шараға қатысушылар.
Бұл патриоттық акция Ұлы Жеңіс пен ұрпақтар бірлігін, құндылықтар сабақтастығын дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы батырлар туралы естеліктерді сақтап, олардың ерлік жолын жастарға насихаттауды жалғастыруды жоспарлап отыр.