Аймақтар • 27 Сәуір, 2025

Бөгет дер кезінде жөнделді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Аягөз ауданының Қопа ауылының маңында Аягөз өзені көтерілуіне байланысты бөгеттің ішінара қирауы орын алды. Су деңгейінің көтерілуі салдарынан бөгет бұзылған.

Бөгет дер кезінде жөнделді

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен аудандық әкімшіліктің өкілдері дер кезінде жетті. Апаттың салдарын жою үшін шұғыл шара қолданылды.

«Жағдайды бірден қолға алудың арқасында, су басуды болдырмадық. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен белсенді азаматтардың тиісті көмегі ерекше айтуымыз керек. Сонымен қатар KAZ Minerals Aktogay компаниясы қолдау көрсетті. Компания барлық қажетті техника және 1000 бірлік қап пен қажетті материалдарды ұсынды», дейді жергілікті әкімдіктің өкілдері.