
Ол бір нанның бағасын 180 теңгеден саудалап, күніне таңертеңгілік 250 бөлкені пештен шығарып таратады.
Жеке кәсіппен айналысу туралы шешімге келген бойда жоба әзірлеп, мемлекеттік бағдарламаның қолдауына арқа сүйеген. Алдағы уақытта нан өнімдерінің түр-түрін пісіруді де қолға алмақшы. Ол мемлекеттік бағдарлама арқылы алған қаражатты түгел нан пісіретін пеш пен жабдықтар алуға жұмсаған.
Жұмысын жолға қойғаннан кейін өзіне көмекші ретінде бір адамды жұмысқа қабылдайды. Жеке кәсібін ашып, арманын жүзеге асырған Айгүлім Ақатайдың тәжірибесі ауылдағы жұмыссыз қыз-келіншектерге жақсы үлгі. Ырғыз ауданына жұмыс сапары кезінде наубайхана жұмысымен танысқан өңір басшысы Асхат Шахаров сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып, салық төлеп, қосымша жұмыс орындарын ашатын белсенді әйелдер қатарының көбеюі елді мекендердің дамуы үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергеновтің хабарлауынша, былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 479,69 млн теңгеге 73 жоба мақұлданған. Оның ішінде Ырғыз ауылдық округінде 32 адам мемлекеттік бағдарлама есебінен жеңілдетілген несиеге қол жеткізген.
Биыл 30 млн теңгенің 3 жобасы мақұлданса, қалғандарының құжаттары рәсімделіп жатыр.
Ақтөбе облысы