Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе тек қыздарға ғана емес, ұлдарға да егілуі мүмкін.
Сондай-ақ, АПВ-ға қарсы екпені тілек білдірушілер үшін ақылы негізде алу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.
Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда 11 жастағы қыз балаларға жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында АПВ-ға қарсы ерікті вакцинация енгізілді. АПВ — негізінен жыныстық жолмен жұғатын, өте кең таралған вирус. АПВ-дың 100-ден астам түрі бар.