Заң • 30 Сәуір, 2025

«Ақтөбе» ФК қызметкерлері ойыншылардың тамағына бөлінген қаржыны жымқырған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша «Ақтөбе» футбол клубының қызметі тексерілген. Бас прокуратураның баспасөз қызметі тексеру барысында 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Ақтөбе» ФК қызметкерлері ойыншылардың тамағына бөлінген қаржыны жымқырған

Фото: diapazon.kz

Қаржы жымқыру әрекеттері ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау мәмілелерінде байқалған.

Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

«Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», делінген хабарламада.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне жолданған.

Ал істердің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше