Қоғам • Кеше

Керек дерек

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«eGov Mobile» қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді болды. Бұл қызмет шетелдегі жоғары оқу орнын бітірген түлектерге елімізде жұмысқа орналасу немесе оқуын одан әрі жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді.

Керек дерек

Сурет: elordainfo.kz

Шынында да, бұрын дипломды тану рәсімі біраз уақыт алатын. Оған жеке өтініш пен қағаз құжатын жинауды талап ететін. Енді бұл қызметтің бәрі онлайн форматта іске асады. Бір жағынан, бұл өтінішті қарау мерзімін едәуір қысқартады.

Дегенмен қызметті пайдалану үшін, біріншіден – «eGov Mobile қосымшасында» авторизациядан өту қажет, екіншіден – «Қызметтер» – «Білім» бөлімінде «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдау, үшіншісі – өтінішті толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп, төлем жасайсыз, төртіншісі – өтінішті қол қоюдың қолжетімді әдісінің бірімен растау.

Өтініш заңнамада белгі­ленген мерзімде қаралады. Нәтижесінде, пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты алады немесе заңда көзделген негіздер бойынша жауап беріледі.

Бұл жаңартылған қызмет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып отыр.

 

Қайсар ҚҰСАЙЫН