
Аталған заң бұзушылықты Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлескен рейд нәтижесінде анықтады.
Аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, одан әрі қарау үшін сотқа жолданды.
Құқық бұзушылықтың тікелей нысанасына айналған акцизделетін тауарлар тәркіленді, сондай-ақ, салық төлеуші 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Мемлекеттік кірістер департаменті тиісті лицензиясыз, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған акцизделетін өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге тыйым салынғанын еске салады.
Ұлытау облысы