Медицина • 29 Сәуір, 2025

Биыл ауылдарда 12 аурухана пайдалануға беріледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Биыл ауылдарда 12 аурухана пайдалануға беріледі

Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының міндеттерінің бірі ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету екенін айтты. 

Бұл міндетті жүзеге асыру мақсатында заманауи 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы (КОАА) пайдалануға беру көзделіп отыр.

«Қазір 6 аурухананың құрылыс жұмыстары аяқталды. 2025 жылдың соңына дейін тағы 12  көпсалалы орталық аудандық аурухананы пайдалануға беру жоспарланған. Оған 98 медицина қызметкерлерін даярлап жіберу қарастырылып жатыр. Қалған 14 нысанның құрылыс жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады», деді министр.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше