Қаржы • 29 Сәуір, 2025

Шағын қалаларды сумен қамтуға қаржы бөлінді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу жобаларын жүзеге асырып жатыр.

Шағын қалаларды сумен қамтуға қаржы бөлінді

Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

Қосшы қаласында су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға 476,7 млн теңге бөлінді. Жобаны іске асыру нәтижесінде халық 100% орталықтандырылған сумен қамтылады. Қазіргі таңда шамамен 50 шақырым құбыр тартылған. Жалпы, желілердің ұзындығы 64,1 шақырым болады деп жоспарланып отыр. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру көзделген. Қолданыстағы инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген. Ал ресми деректерге сәй­кес бүгінде Қосшыда 50 мың­нан астам адам тіркелген. Қала­ның бас жоспарына сәйкес 2038 жыл­­ға қарай тұрғындар саны 150 мың­­нан асады деп болжанып отыр.

Макинск қаласында су құбы­ры желілерін қайта жаңарту жұмыс­тары жүргізілуде. Жоба бо­йынша 72,7 шақырым желі тарту қарастырылған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен бүгін­де 45 шақырым бойынша жұ­мыс аяқталған. Арнаулы мемле­­кет­тік қордан бөлінген 606,4 млн теңге жобаны толық аяқтап, халқы 18 мыңнан асатын қала­ны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.