
Кеше кешке облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кентке қайықпен барып, жағдайды өз көзімен көріп, тұрғындармен кездесті. Қазір жағдай біршама тұрақты, үйлерге су кірген жоқ, үйілген бөгеттердің биіктігі үймен бірдей. Дамбаны құм салынған қапшықтармен бекітуде әлі де 200-дей адам жүр.
Алайда, жыл сайын тасқынмен алысып, тұрғындарды қауіпте қалдыра беруге болмайтыны көрініп тұр. Осыған байланысты әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына: «Бұл проблема жүйелі түрде болайын деп тұр. Оны шешу үшін тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру керек деп шешіп отырмыз. Қазірдің өзінде екі қабатты жайлы пәтерлі 2 үй салуды қолға алдық. Сол үйлерге Заречный кентінің тұрғындарын жылдың аяғына дейін көшіретін боламыз», деп жазды.