Қоғам • 28 Сәуір, 2025

Тағы бір пойызда әйелдер вагоны іске қосылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 маусымнан бастап №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагоны пайда болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тағы бір пойызда әйелдер вагоны іске қосылады

Фото: rail-news.kz

Осы бағытта әйелдер вагоны іске қосылса, ел пойыздарындағы әйелдер вагонының саны 12-ге жетеді. 

Қазір әйелдер вагоны мына бағыттарда бар: 

№77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
№351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
№45/46 «Павлодар – Түркістан»;
№37/38 «Маңғыстау – Семей»;
№47/48 «Атырау – Астана»;
№33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
№4/3 «Астана – Алматы»;
№71/72 «Астана – Шымкент»;
№354/353 «Астана – Семей»;
№24/23 «Ақтөбе – Алматы»;
№25/26 «Алматы – Шымкент»;
№614/613 «Орал – Маңғыстау».

Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Осы вагондарда әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген.