Спорт • 28 Сәуір, 2025

Маутинбайктан қоржынға қос күміс түсті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маутинбайктан Азия чемпионаты аяқталды. Байрақты дода – Қытайдың Гуйчжоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.

Маутинбайктан қоржынға қос күміс түсті

Фото: sport-wiki (спортивная энциклопедия)

Айта кетейік, маунтинбайк – бұл таулы аймақтар, орман және тас жолдары бойынша жүруді қамтитын велосипед спортының түрі, оның кросс-кантри, фрирайд, эндуро, «спидбол», агрессивті «слоупстайл» секілді  дисциплиналары бар, әрқайсысы әртүрлі трассалар және күрделілік деңгейлері бойынша бөлінеді.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, аталған жарыста аралас командалар арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы екінші орын еншіледі. Сондай-ақ, кросс-кантри дисциплинасында Денис Сергиенко күміс жүлдеге қол жеткізді.