Басқа басқа, мекен еткенімізге қырық жылдай болып қалған Қарағандының көз алдыдағы өзгерісі өзімізді де таңдандырмай тұрмайды. Әсіресе, соңғы жылдардағы өзгеруін ғажайып құбылысқа тең көрініс пе дерсіз. Ал сәулетшілердің жаңа жобалары бойынша одан сайын шырайлана түспектігі бөлек бір әңгімеге арқау болады.
Қазіргідей қиын кезеңде бұл мүмкін бе! Қала әкімінің орынбасары Тайхан Қалмахановтың айтуынша, мүмкін екен. Дағдарыс өтеді де кетеді. Өмірлік істер жалғаса береді. Соның ішінде құрылыс қарқыны сақталып қана қоймай, дамуын жаңғырту шаһар келешегін кемел етуге бастайды. Мемлекеттік көмекпен бірге ұлттық компаниялар мен мықты инвесторлар қолдауы арқылы осыған арналған бас жоспарға сәйкес алдағы уақытта кескін-келбеті танығысыздай көркеймек дейді.
Бұл жолғы іс-жоба әлемдік сәулет өнерінің жауһарларынан кем түспес заманауи үлгідегі әсем де зәулім ғимараттар қатарын көптеп түзеуге бағытталған. Бұлар қаланың оңтүстік-шығыс және Майқұдық бөлігі аралығындағы әзірге ашық аймақты көркі көз тартарлық ортаға айналдырады. Осы тұстан тұрғызылатын қазіргілерден де биік «Трилистика» тұрғын үй кешені жергілікті сәулетшілердің талғампаз ізденісін бейнелейтін болса, қапталдаса бой көтеретін бес жұлдызды мейманхана, сауда-сауық орталығы, балалар мен жасөспірімдер сарайы сән жарастырады. Ал таяу арада есік ашқалы отырған «Достық» үйінің өзіндік ажары да айшықты болмақ.
Қайта жайнап-жасарудағы Қарағандының келешегі осындай.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10