Медицина • 28 Сәуір, 2025

Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен күрделі ота жасалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен күрделі ота жасалды

Фото: onco.kz

Отаға онкоурология орталығының жетекшісі Хусан Умурзаков басшылық жасап, Sage bot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық платформасы қолданылған. Платформа көмегімен науқастың бір бүйрегі алынып, ағза лимфалық түйіндерден тазартылған.

Sage bot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық платформасының негізгі артықшылықтары: 

- қатерлі ісіктің кеңінен тараған формаларына қарсы тиімділігі;

- науқастың денесіне барынша көп жарақат салмай ота жасау;

- ота жасалатын орынға 3D-визуализация жасау;

- микрохирургиялық дәлдік;

- операциялық бригадаға түсетін жүктеменің азаюы;

«Бұл оқиға Қазақстанның онкохирургия саласының дамуындағы маңызды кезең. Жаңа технологияларды енгізу пациенттерге ең қиын клиникалық жағдайларда да көмек беруге мүмкіндік береді», деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Ербол Бекмұхамбетов.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше