
Фото: Су ресурстары және ирригация министрі
Сала министрі Нұржан Нұржігітов пен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев қазақ-қырғыз комиссиясының 35-ші отырысында осы жөнінде келісімге келді. Сондай-ақ отырысқа екі елдің министрліктерінің өкілдері және Жамбыл облысы әкімдігі қызметкерлері қатысып, қоршаған ортаны қорғау және су сапасын бақылау бойынша бірлескен жұмыс тобының қызметін талқылады.
«Былтыр қырғыз әріптестерімізбен бірлескен жұмыстың арқасында Жамбыл облысының диқандарын суармалы сумен толық қамтамасыз еттік. Мысалы, Талас өзені арқылы Қазақстанға жоспарланған 380 млн текше метрдің орнына 418 млн текше метр су келді. Ал Шу өзені арқылы 165,3 млн текше метр су келді, бұл бір жыл бұрынғы көлеммен салыстырғанда 29,7 миллионға артық», деді министр Нұржан Нұржігітов.