Қаржы • 26 Сәуір, 2025

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің 26 сәуірге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 515,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,24 теңге. Еуро – 584,82, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 – 519 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 515,5 теңге. Еуро 584 – 587 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 519 теңге, сатып алу құны – 513 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 589 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,06–6,19 аралығында саудаланып жатыр.