
Ортақ мүдде мен көзқарас, татулық пен толеранттылық жолында ұзақ жылғы жинақталған тәжірибе мен жанқиярлық еңбек болашақта да алға қойған мақсаттарға жеткізеріне сенім мол. Президент айтқандай, бұл жолда күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, алайда ұзақмерзімді, стратегиялық тұрғыдан тиімді, ауқымды жұмыс жүргізіп жатқан ҚХА мүшелеріне үлкен жауапкершілік артылады. Олардың бірқатарын Мемлекет басшысы Ассамблея сессиясында арнайы марапаттағаны белгілі.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, ұлысты ұйыстырар этносаралық көпір міндетін атқарып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ілкімді істеріне қатысты айтылып жатқан ізгі тілек көп.