Қоғам • 25 Сәуір, 2025

Қонаевтағы атыс: алты адамға сот үкімі шықты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 25 сәуірінде Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі соты алдын ала сөз байласу арқылы қасақана кісі өлтіргені үшін алты сотталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қонаевтағы атыс: алты адамға сот үкімі шықты

Алматы облыстық соты үкімнің мән-жайын айтты. Осылайша, сот 2024 жылдың маусым айында Қонаев қаласындағы «Алекс» демалыс аймағында екі сотталушы мен жәбірленуші арасында жанжал шығып, оның төбелеске ұласқанын анықтады.

«Жәбірленуші басым түсіп, содан кейін айыпталушыларда кісі өлтіруге бағытталған қылмыстық ниет пайда болды. Осы ойларын жүзеге асыру үшін олар тағы төрт адамды тартқан. Сол кештің өзінде Қонаев көшесіндегі ХҚКО маңында олар жәбірленушіге бірнеше рет оқ атқан, нәтижесінде ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Оның досы жарақат алған, бірақ дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалды», делінген хабарламада

Сот барлық айыпталушыларды кінәлі деп тапты. Кісі өлтіргені үшін екі ер адам 19 жылға, қалған төртеуі 17 жылға сотталды.

«Сондай-ақ сотталушылардың бірі жалған айғақ бергені үшін кінәлі деп танылып, оған екі жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары мен соттылығының болмауын қарастырды. Атыс қаруын қолдану жазаны ауырлататын мән-жай деп танылды», делінген хабарламада.