Аймақтар • 25 Сәуір, 2025

Алматылықтар шұңқырды жаппаған мердігердің үстінен шағым түсірді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол жөндеу жұмыстарында сапаға салғырт қарайтын мердігерлерге қойылатын талап күшейді. Кейінгі уақыттары Алматыда жолдағы шұңқырларды жөндеу жұмыстарында мұндай олқылықтардың орын алуы жиілеген. Бұл туралы қала әкімінің Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Алматылықтар шұңқырды жаппаған мердігердің үстінен шағым түсірді

Жол жөндеу кезінде ой-шұңқырлар дер кезінде жабылмайтынына шағымданған  тұрғындардың талабын ескерген Ерболат Досаев, мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевқа аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

«Егер асфальт ойылса, ол жұмыс күнінің соңына дейін қалпына келтірілуі тиіс. Регламент бар, демек шұңқырларды жөндеуге жауапты аудандық әкімдіктер бұл мәселеге тиянақты болуы керек»,- деді Е. Досаев.

Кездесуде, келісімшарттық міндеттемелерде бұл нормалар жазылғанын, бірақ мердігерлер асфальттың уақытында жеткізілмегенін немесе техниканың жеткіліксіз екенін айтып, осы талаптарды орындай бермейтіні сөз болды. 

Қала әкімі, осындай жағдайлар бойынша тұрғындар «е-Otinish», «Open Almaty» әкімдігінің қоғамдық қабылдауы немесе жол инфрақұрылымына арналған Almaty_Joly арнайы Telegram-арнасының @almatyjolybot чат-боты арқылы шағымдана алатынын мәлімдеді.