Спорт • 25 Сәуір, 2025

Дзюдошылар Азия чемпионатынан екі қола медаль жеңіп алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия додасында Ғалия Тынбаев мен Шерзод Давлатов жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Дзюдошылар Азия чемпионатынан екі қола медаль жеңіп алды

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Ғалия Тынбаева қола медаль жолында тайбэйлік Чен Хао Линьнен басым түсті. Тынбаева биылғы чемпионатты 2-айналымнан бастап, Вьетнам және Таиланд дзюдошысын жықты. Ал жартылай финалда жапон спортшысына есе жіберді.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді. Осылайша, отандастарымыз Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.  

 рр