Пікір • 25 Сәуір, 2025

Ұйысудың берік тірегі

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жиын жоғары деңгейде өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзін ерекше атап өткім келеді. Президент өз баяндамасында Ассамблеяның даму бағытын, болашақтағы векторын айқын көрсетті. Сонымен қатар халқымыздың дәстүрін, мәдени мұрасын сақтау туралы орынды сөз қозғады.

Ұйысудың берік тірегі

Бұл – тек қазіргі біздің Отанымыз үшін емес, жалпы дамып келе жатқан бүгінгі әлем үшін де аса маңызды мә­селе. Бағыты айқын, құндылықтары нақ­­ты ел ғана алға баса алады. Сон­дай-ақ Ассамблеяның басты ұстанымының бірі – өз халқына, өз туған жеріне пайдалы болу. Нағыз патриотизмнің негізі де – осы. Өйткені елге қызмет ету – азаматтық борыштың ең биік көрінісі.

Президенттің әрбір Ассамблея мүшесі, тіпті әрбір азамат – тәрбиелеуші рөлін атқарады деген пікірі де көңілге қонады. Өйткені қоғамның өзгеруі әркімнің өзінен басталады.

Шын мәнінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ел ұйысуының берік тірегі, тату­лықтың темірқазығы болып келеді. Ассамблеяның ең үлкен пайдасы – ел ішіндегі тұрақтылық пен келісімді сақтау. Түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірінің мәдениеті мен тілін құрметтеп, ортақ құндылықтарды дәріптеп келеді. Бұл – бейбіт өмір мен өркендеудің бас­тауы.

Сондай-ақ ол ұлттық сананы жаң­ғыр­­татын, рухани мұраларды сақтай­тын, ұрпақтар сабақтастығын жалғай­тын алтын көпір рөлін де атқара­ды. Тек этностар арасындағы диалог­тің емес, азаматтық бірегейлікті қалып­тастырудың да негізгі тетігіне айналды.

Президентіміз айтқандай, әр­бір азамат – еліміздің болашағын қалып­тастыратын тұлға. Ал Ассамблея осы жауапкершілікті терең сезініп, елге қызмет етудің үлгісін көрсетіп отыр.

 

Сергей ЦЫРУЛЬНИКОВ,

спортшы, төрт дүркін әлем рекордшысы