Саясат • 24 Сәуір, 2025

Парламентаралық қарым-қатынас беки түседі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақ-хорват бизнес форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Хорватия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманмен кездесті.

Парламентаралық қарым-қатынас беки түседі

Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат білдіре келіп, Хорватия Қазақстанның Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі екенін айтты.

Сондай-ақ палата спикері парла­ментаралық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды екенін атап өтті. Сұхбат кезінде заң шығару қызметінде тәжірибе алмасу, достық топтарына мүше депутаттардың өзара сапарларын ұйымдастыру және Парламент Сенаты мен Сабордың салалық комитеттері арасында тығыз байланыс орнату жөніндегі жұмыстарға баса мән берілді.

«Қазақстан мен Хорватия арасын­да тиімді саяси диалог жолға қойылған. Экономикалық ынты­мақ­тастық пен мәдени байланыстар да қарқынды дамып келеді. Сіздің са­парыңыздың маз­мұны мен маңызы ел­деріміз өзара іс-қимыл­ды одан әрі тереңдетуге мүдделі еке­нін көрсетеді. Мемлекеттеріміз ара­сын­дағы ынтымақтастықты нығайту жолында пар­ламентаралық диалог үлкен рөл атқа­рады. Біз Хор­ва­тия Парламентімен қа­рым-қатынасты дамытуға ниеттіміз. Бұл ретте достық топтарының әлеуетін өзара диалог­ті дамытудың тиімді тетігі ретінде пайдаланған орынды деп есептейміз», деді М.Әшімбаев.

Кездесуде сауда-экономика­лық және инвестициялық ынты­мақтас­тықты нығайту мәселелері де талқыланды. Сенат төрағасы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақ­стан­да іске асырылып жатқан әлеу­меттік-экономикалық және сая­си реформаларға тоқталып, қолға алған жұмыс негізгі мемлекеттік инс­ти­туттарды кешенді түрде жаң­ғыр­туды көздейтінін тілге тиек етті.

Нақты айтқанда, сұхбат бары­сында жаңа экономикалық үлгі қалып­тастыруға және Қазақ­стан­ның инвестициялық ахуалын жақ­сартуға арналған шаралар туралы, сондай-ақ екі тарап та мүдделі салаларда инвесторлар үшін ар­тық­шылықтар қарастыру жөнінде сөз болды. Осыған байланысты энер­гетика, фармацевтика, көлік, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы сияқты бағыттардағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Гордан Грлич-Радман Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақ­станда жүзеге асырылып жатқан ауқым­ды саяси және әлеуметтік-экономи­калық өзгерістерге жоғары баға берді. Сон­дай-ақ ол ынтымақтастықты одан әрі кеңей­туге және нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Сонымен қатар Сенат төрағасы биыл қыркүйек айында өтетін «Діндер диалогі – болашақ жолын­дағы синергия» тақы­рыбына арналған Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі­н­е дайындық барысында қолға алынған жұ­мыстарға тоқталып өтті.