Аймақтар • 23 Сәуір, 2025

Таразда екі автобус соқтығысты: 11 жолаушы медициналық көмекке жүгінді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда екі автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда екі автобус соқтығысты: 11 жолаушы медициналық көмекке жүгінді

Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды.

Редакция түсініктеме алу үшін Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

«2025 жылдың 22 сәуірінде сағат 15:44 шамасында Қазыбек би мен Әйтиев көшелерінің қиылысында Golden Dragon автобусының 59 жастағы жүргізушісі 48 жастағы жүргізуші басқарған Zhong Tong автобусымен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 11 жолаушы медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты», - деп хабарлады полиция агенттікке.

Бұл факті бойынша 59 жастағы жүргізуші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы «Көлік құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша жауапкершілікке тартылды.