Қоғам • 23 Сәуір, 2025

Енді ата-аналар мектепте берілетін тамақтың сапасын бақылай алады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтырдан бері ел мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе сынақтан өтіп жатыр. Жүйе 5-11 сыныптарда әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына берілетін тегін ыстық тамақтың әділ әрі ашық түрде таратылуын қамтамасыз етуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Енді ата-аналар мектепте берілетін тамақтың сапасын бақылай алады

Фото: freepik.com

Айта кетсек, жүйе пилоттық режимде 20 мектепте сыннан өтіп жатыр: оның 10-ы Астанада, қалған 10-ы Қостанай облысында орналасқан. Пилоттық жоба – болашақта жүйені кең көлемде енгізуге дайындық жүргізуге мүмкіндік береді.

Пилоттық кезеңнің нәтижелеріне қарай, жүйені 1-4 сынып оқушыларына да кезең-кезеңмен енгізу жоспарланып отыр.

Аталған цифрландыру – жай ғана технология емес, мемлекеттік көмектің өз иесіне әділ жетуін көздейді.

«Жүйе ата-аналарға ешқандай қағаз құжат өткізбей, баласының тегін тамақтануға құқығы бар екендігі туралы хабарлама жібереді. Ата-ана келісімін берген жағдайда, отбасыға автоматты түрде цифрлық тамақтану ваучері құрылады. Бұл ваучерді ата-ана eGov mobile қосымшасы арқылы іске қосады. Оқушы мектеп асханасында арнайы сәйкестендіру әдістері – QR-код, карта немесе Face ID арқылы ыстық тамақ алады. Осыдан кейін ата-ананың телефонына баласының мектепте тамақтанғаны жөнінде хабарлама жіберіледі. Жүйеде кері байланыс функциясы да қарастырылған – ата-ана берілген тағамның сапасына баға бере алады. Ал айдың соңында көрсетілген нақты қызметтер негізінде автоматты түрде орындалған жұмыстар актісі жасалып, жеткізушіге тек нақты қызметтер үшін төлем жүргізіледі», деп хабарланды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.