Қоғам • 22 Сәуір, 2025

Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқ жарақатын алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке  төрт сағаттан астам уақыт ота жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: parlam.kz

Бастапқыда дәрігерлер әкімнің орынбасарының жағдайын ауыр деп бағалаған.

«Науқасқа оң жақ кеуде қуысындағы оқтың енуінен пайда болған жарақат әсерінен оң жақ өкпе төменгі бөлігінің, қабырға аралық артериялар мен диафрагманың көп жері зақымданған; оң жақтан болатын гемопневмоторакс. Сонымен қатар, іш қуысының көп жарақаттары бауырдың зақымдануына, ішкі қан кетуге, оң жақ бүйрек, иық пен білекке оқтың тиюіне байланысты сыртқы қан кетуге әкелген. Плевропульмоналдық және геморрагиялық шок тіркелді», деп хабарлады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Әкім орынбасарына шабуыл 21 сәуір күні кешкі уақытта, қалалық әкімдік ғимаратының жанында жасалған. Руслан Берденов оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, күдікті қамауға алынды. Шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10