Ғалам ғажаптары • 22 Сәуір, 2025

Каскадерлерге арналған марапат

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық киноакадемия 2028 жылдан бастап «Оскар» жүлдесіне жаңа аталым қосатынын хабарлады. Енді үздік каскадерлік жұмыс ресми түрде марапатталады.

Каскадерлерге арналған марапат

Бұған дейін каскадерлерге арнайы «Құрмет жүлдесі» ғана беріліп келген. Мәселен, 1966 жылы Яким Канутт, 2012 жылы Хэл Нидхэм, 2016 жылы Джеки Чан осындай марапат иеленген. Ал жаңа аталым – тұрақты түрде, жыл сайын табысталатын алғашқы марапат болмақ. Бұл шешім көрермендер мен кино мамандары тарапынан жоғары бағаланып отыр. Айтулы жүлде алғаш рет 2028 жылы өтетін 100-«Оскар» салтанатында табысталады. Онда 2027 жылы шыққан фильмдер сарапқа салынады.