Оқиға • 21 Сәуір, 2025

Күдікті 9 жылдан кейін ұсталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдікті 9 жылдан кейін ұсталды

Фото: ШҚО ПД

Полицейлер күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген мезетінде әуежайдан ұстаған.

«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ер адам жәбірленушінің сеніміне кіре отырып, оны алдап, ақшасын қалтаға басқан. Тұрғылықты жерін жиі ауыстырып отырған және қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген», деп мәлімдеді ШҚО ПД-нің баспасөз қызметі.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр.