Аймақтар • 21 Сәуір, 2025

Қостанай облысында жұмысшы мамандарға арналған байқау басталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының жұмыспен қамтамасыз етуді үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек жолы» конкурсына өтінім қабылдай бастады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында жұмысшы мамандарға арналған байқау басталды

Аталған байқау үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтап, дәріптеуді көздейді. Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» деп аталатын үш аталым бойынша өтеді.

Мәселен, «Үздік еңбек әулеті» аталымында белгілі бір салада ең ұзақ еңбек еткен әулет таңдалады. «Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар, жастарға үлгі-өнеге бола білген тәлімгер таңдалады. «Өндірістің үздік жас маманы» аталымында жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Облыстық кезеңде озып шыққан үміткер республикалық кезеңге жолдама алады. Республикалық конкурстың жеңімпаздарына дипломдар мен қомақты қаржылай сыйлықтар табыс етілмек.