Оқиға • 21 Сәуір, 2025

Астанадағы жеке тұрғын үйден өрт шықты

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Шардара көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы жеке тұрғын үйден өрт шықты

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдай туралы хабар түскен бойда оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт ең алдымен шаруашылық құрылыстан басталып, кейін тұрғын үйдің шатырына тараған.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылардың айтуынша, жақын маңда орналасқан басқа үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.