Бокс • 21 Сәуір, 2025

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хабаровск қаласында (Ресей) бокстан ірі халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Қазақстан ерлер құрамасы алты жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды

фото: ҰОК баспасөз қызметі

Сәкен Бибосынов (54 келіге дейін) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) турнир жеңімпазы атанды.

Сағындық Тоғамбай (92 келіге дейін) күміс медаль иеленді.

Ал Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Жандос Қыдыралиев (63,5 келіге дейін) және Мұхаммедсадыр Базарбайұлы (67 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.