Ғалам ғажаптары • 19 Сәуір, 2025

Адам нұры

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адам да жұлдыздар секілді жарық шашатынын біліп пе едіңіз? Бұл – ешқашан өзіміз байқамайтын ерекше құбылыс.

Адам нұры

Ғылым тілімен түсіндірсек, адам ағзасы күндіз-түні әлсіз биолюминесценция шығарады. Бұл жарық өте әлсіз – күн сәулесінен 1000 есе төмен болғандықтан, адам көзі оны көре алмайды. Бірақ 2009 жылы жапон зерттеушілері арнайы сезімтал камералар арқылы алғаш рет адамның жарығын түсіріп алған. Әсіресе бет пен маңдай тұсы көбірек жарық бөледі. Бұл құбылыс жасушаларымыздағы оттегінің тотығуы әсерінен болады. Біз дем алған сайын денеде реакциялар жүріп, сол энергия бір сәтке жарық түрінде бөлініп шығады. Бір қызығы, ең көп жарық күндізгі 4 шамасында бөлінеді. Демек адам да – кішкентай жұлдыз.