Тағайындау • 18 Сәуір, 2025

Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі болып Жанасыл Шаукентаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды

«Астанада Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев кірісті», делінген әкімдіктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

Жанасыл Шаукентаев 2014 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарған: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б.

Кейінгі жылдары «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары болған.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеген.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10